NUET-тегі Critical Thinking: формат және дайындық
NUET-тің екінші бөлімі — Critical Thinking және Problem Solving (CTPS): 60 минутта 30 сұрақ.
Problem Solving — тапсырманың 3 түрі
- Деректерді іріктеу (Relevant selection) — есепте қажеттіден көп дерек бар: керегін таңдаңыз
- Шешу тәсілі (Finding procedures) — барлық дерек қажет, бірақ шешу тәсілін ойлап табу керек
- Ұқсас құрылым (Identifying similarity) — дәл солай есептелетін жағдайды табыңыз
Critical Thinking — тапсырманың 7 түрі
- Негізгі қорытынды (Main conclusion) — автор нені дәлелдегісі келеді
- Не шығады (Drawing a conclusion) — мәтіннен немесе деректерден қандай қорытынды шығады
- Болжам (Assumption) — қорытынды үшін қандай жасырын болжам қажет
- Жаңа деректер: әлсірету немесе күшейту (Additional evidence) — жаңа факт уәжге қалай әсер етеді
- Пайымдаудағы қате (Reasoning error) — қорытынды уәждерден неге шықпайды
- Ұқсас құрылым (Matching arguments) — құрылымы бірдей уәж, тақырыбы міндетті түрде бірдей емес
- Принципті қолдану (Applying principles) — уәждің жалпы принципі және оны қолдану
Сұрақтар әдетте қалай тұжырымдалады (спецификация бойынша, ағылшын тілінде)
- Which one of the following best expresses the main conclusion of the above argument?
- Which one of the following conclusions is best supported by (can reliably be drawn from) the passage above?
- Which one of the following is an underlying assumption of the above argument?
- Which one of the following, if true, would most weaken (strengthen) the above argument?
- Which one of the following is the best statement of the flaw in the above argument?
- Which one of the following most closely parallels the reasoning used in the above argument?
- Which one of the following best illustrates the principle underlying the argument above?
Critical Thinking-тің басты ережесі
Мәтіндегі уәждерді ақиқат деп қабылдау керек: сұрақ қорытындының олардан шығатынын тексереді, тақырыпқа келісетініңізді емес. Мәтін — қарапайым тілде, формулалар жоқ.
Problem Solving-те қандай математика керек
Қарапайым: бөлшектер, пайыздар, төрт амал, уақыт пен күнтізбе, ақша, ұзындық, масса және көлем бірліктері, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі, қораптың көлемі, кестелер мен графиктер. Бөлшектермен және ондық бөлшектермен күрделі есептеулер қажет емес. Сюжеттер — тұрмыстық: баға кестелері, кесте-жоспарлар, графиктер.
Біздің сынақтарда сұрақтар қалай бөлінеді
2022 жылғы ресми үлгіде — Problem Solving-тің 14 сұрағы және Critical Thinking-тің 16 сұрағы (біздің есебіміз). Jaryq сынақтарында Problem Solving — 14 сұрақ: деректерді іріктеу 5, шешу тәсілі 5, ұқсас құрылым 4; Critical Thinking — 16: әр түрге екіден және тағы екі.
Балдар неге жоғалады
Jaryq қателер журналында әр қатенің себебі бар: «Тұзақ», «Сұрақ дұрыс түсінілмеді», «Уақыт жетпеді», «Кездейсоқ». Себептерден нені жаттықтыру керегі көрінеді.
Jaryq курсындағы Critical Thinking
24 сабақ: сейсенбі және бейсенбі, 19:00–20:30, оған қоса NUET форматындағы сенбілік сынақтар.
NUET туралы тағы
- NUET деген не және ол қалай құрылғанЕмтиханның форматы, ережелері, балдары мен мерзімдеріОқу
- NUET математикасы: тақырыптар және форматNUET 2026 спецификациясының бес бөліміОқу
- NUET сынағы онлайн: ол қалай құрылғанСынақтың форматы, уақыты және нәтижені талдауОқу
- Назарбаев Университетіне түсу: NUET, IELTS және мерзімдерНе тапсыру керек, минимумдар және ақпанға дейінгі жоспарОқу