Мазмұнға өту

NUET сынағы онлайн: ол қалай құрылған

NUET сынағы — нағыз емтихан форматындағы жаттығу емтиханы: қатарынан екі бөлім, калькуляторсыз, қатаң уақытпен.

Сынақ қандай болуы керек

Нағыз NUET — әрқайсысы жауабын таңдайтын 30 сұрақ пен 60 минуттан тұратын екі бөлім: математика және Critical Thinking and Problem Solving. Жақсы сынақ мұны қайталайды: сұрақ саны да, уақыт шегі де сол, калькуляторсыз және сөздіксіз, әр сұраққа жауап беріледі — қате жауап үшін айыппұл жоқ. NUET-2027 форматы (қағаз немесе компьютер) жарияланған жоқ, сондықтан қағазда да жаттыққан пайдалы.

Нәтижені қалай оқу керек

Сынақ әр бөлімдегі дұрыс жауаптар санын (0–30) береді. Емтиханда нәтиже әр пән бойынша NU шкаласына (0–120) аударылады; аудару кестесін ашық дереккөздерде таппадық, сондықтан бір сынақ — нақты болжам емес, бағдар. Ең көп пайданы талдау береді: балл қайда жоғалды — есептеуде, таныс емес тақырыпта, шартты мұқият оқымауда немесе уақыт жетпеуінде.

Jaryq-тағы сынақтар

Деңгей тесті — тегін, онлайн, кез келген күні: математика 60 минут, 10 минут үзіліс, Critical Thinking 60 минут. Курста — 12 сенбілік сынақ, оның үшеуі бақылау сынағы. Екі толық сынақтан кейін платформа NU балдарының аралығын көрсетеді, ал әр қате себебімен журналға түседі.

NUET туралы тағы